Ардагер журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды

733

Ардагер журналист, танымал спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ардагер журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды Фото: 24.kz

Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.

Ол 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Саналы ғұмырында қазақ телевизиясында абыройлы қызмет атқарды. Комментаторлық мансабын 1973 жылдан бастады. Алғаш жүргізген матчы Мәскеуде өткен Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" - "Торпедо" кездесуі болды. Рабат Жәнібеков спорт журналистикасында есімі елге белгілі талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу