9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне орай Astana Taxi ҰОС ардагерлерін тасымалдау үшін 45 автокөлік ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бұл біздің ұлы мереке туралы естелік пен батырларымызға қосқан кішігірім үлесіміз, олардың даңқы мәңгі жасай берсін!" - деді тасымалдау компаниясының өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Astana Taxi жобасы астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылы 2 мамырда Мемлекет басшысының бірыңғай такси қызметін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ашылған болатын. Astana Taxi құрамында 380 автомобилі бар 10 ресми тасымалдаушы біріктірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу