1 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне волонтерлер тарапынан қолдау көрсету, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар "Jas niet", "Жақынға көмек" және басқа да акциялар аясында волонтерлер 1000 ардагер мен тыл еңбеккерінің үйіне барып, естелік сыйлықтар табыстайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ волонтерлер жалғыз тұратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлері мен аулаларын тазалау бойынша рейдтер ұйымдастырады.
Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 мамырдан 9 мамырға дейін ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күнін мерекелеуге арналған "Жеңімпаздар тарихы" онлайн-челленджі өтеді