"Әрекет" жобасы арқылы өз бизнесіңді бастауға болады

1749

Өткен жылы еліміздегі 8 облысқа арналған "Менің елім" бағдарламасына 49 миллион теңге бөлінген еді. Ал биыл аталған жобаға жалпы құны 150 миллион теңге бөлініп отыр.

 "Әрекет" жобасы арқылы өз бизнесіңді бастауға болады

Былтыр "Samruk-Kazyna Trust" қоры жоба құны 49 миллион теңге болатын "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарламаның алғашқы жылы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының 100-ге жуық азаматы өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Биыл аталған бағдарламаға Жамбыл облысының азаматтары да қатыса алады. Оның үстіне биыл грант көлемі де көбейіп отыр. Мәселен, "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Әрекет" жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді.

Байқау шартына сәйкес, әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 миллион теңге көлеміндегі грантқа өтінім бере алады. Жоба аясында өзінің бизнес-жобаларын қорғау үшін үкіметтік емес ұйымдарға беріліп отыр. Ал бизнес-жобалар негізінен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған әрі өзекті екенін кәсібін бастаушылардың өздері дәлелдеп, қоғамға қажеттілігін көрсете білуі керек. Сонда ғана олар жоба грантын жеңіп ала алады.

"Менің елім" бағдарламасы аясында өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, яғни абаттандыру жұмысын жүргізу, көмекке мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарияларға арналған оңалту орталықтарын, қоғамдық демалыс орындарын ашу, балалардың ойын алаңдарын, экологиялық жобаларды іске қосу мәселелеріне айрықша мән беріледі. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық технологияны дамыту, шағын гранттар бөлу, ҮЕҰ-мен байланысты нығайту, қайырымдылық шараларды қолға алу, тарихи-мәдени мұраларды жандандыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдерге арналған спорт нысандарын жөндеу шараларына да инвестициялық қаржы бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу