"Әрекет" жобасы бойынша 150 миллион теңге көлемінде грант бөлінді

3415

Әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

"Әрекет" жобасы бойынша 150 миллион теңге көлемінде грант бөлінді

"Samruk-Kazyna Trust" қоры 2019 жылы "Әрекет" жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

"Гранттық байқау Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға арналған "Әreket" ауқымды жобасының бөлігі болып табылады. Жобаның шеңберінде қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері "Инкубатор" білім беру бағдарламасын аяқтап, 3 млн теңге грант жеңіп ала алады", – делінген қор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу