Аргентина 3 күн аза тұтады

881

Аргентина 3 күн аза тұтады

Аргентина президенті Маурисио Макри "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы экипаж мүшелерінің қазасына байланысты 3 күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен қайық кеше табылған болатын. Оны америкалық "Оушен Инфинити" компаниясы 800 метр тереңдіктен алып шыққан.

Жоғалып кеткен қайықтың бортында 44 адам болған. Субмарина Ушуая портынан Мардель-Платаға аттанған еді. Бірақ орта жолда байланысқа шығуын тоқтатқан. Әскери техниканың өзі Германияда құрастырылып, Аргентина теңіз күштері құрамына 1985 жылы берілген.

"Бұл аргентиналықтар үшін қаралы күн. Марқұмдардың тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза тапқан 44 батырдың барлығы да өз ісінің мамандары. Олар отан үшін, халық үшін аянбай еңбек етті", - дейді Аргентина президенті Маурисио Макри.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу