Аргентина астанасында экономикалық реформаларға қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр

2467

Демонстранттардың арасында жергілікті кәсіподақтардың мүшелері бар. 

Аргентина астанасында экономикалық реформаларға қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр Фото: reuters.com

Буэнос-Айресте бірнеше мың адам Аргентинаның жаңа президенті Хавьер Милей қол қойған реформаларға наразылық білдіруде. Наразылық білдірушілер арасында Жалпы еңбек конфедерациясы мен Аргентина Орталық жұмысшылар конфедерациясы сияқты кәсіподақ бірлестіктерінің, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және құқық қорғау ұйымдарының мүшелері бар. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CNN en Español телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Наразылық білдірушілер жаңа президент ұсынған қажеттілік пен шұғылдық туралы жарлыққа (el decreto de necesidad y urgencia, DNU) қарсы. Ол 300-ден астам реформаларды қамтиды. Оның ішінде — мемлекеттік компанияларды жекешелендіруге кедергі келтіретін ережелерді жою, жылжымайтын мүлікті жалға беру, туристік қызмет көрсету және спутниктік байланыс қызметтері саласындағы жаңа реттеу ережелері мен экспорттық шектеулерге тыйым салу реформалары бар.

Милейдің өзі парламент реформа жоспарын қолдаудан бас тартса, елде референдум өткізуді ұсынып отыр. Алайда, La Nacion басылымының хабарлауынша, заңға сәйкес атқарушы билік тағайындаған референдумның заңды күші жоқ деп жазды.

Ұлықтау рәсімінде жаңадан сайланған президент елді қалпына келтіру реформалары халыққа қиындық тудыратынын түсіндірді. Сонымен қатар, Милей Аргентинаны стагфляция күтіп тұрғанын ескертті (үш факторды біріктіретін құбылыс: әлсіз экономикалық өсу немесе оның болмауы, жоғары инфляция және жұмыссыздық), бірақ бұл Аргентинаны қалпына келтірудің басталуына септігін тигізетін соңғы күрделі жағдай болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу