Аргентина билігі доллар сатып алуды бақылауға алды

982

Ел азаматтарына бір айда тек 10 мың доллар сатып алуға рұқсат етілмек.

Аргентина билігі доллар сатып алуды бақылауға алды

Аргентина президенті Маурисио Макри ұлттық валюта бағамының төмендеуіне байланысты доллар сатып алуға шектеу қоятын жарлыққа қол қойды. Құжат жексенбі күні "Аргентина Республикасының ресми бюллетенінде жарияланды

"Соңғы қаржы-экономикалық жағдайлар мен сайлау науқанынан кейін туындаған ахуалды ескере отырып, экономиканы қалыпқа келтіру және айырбас бағамын реттеу үшін жедел шаралар қабылдау қажет", – делінген құжатта.

Жарлыққа сәйкес, экспорттаушы компаниялар доллар сатып алу және оларды шетелге аудару үшін Аргентинаның Орталық банкінен рұқсат алуға тиіс. 

Ресми дерек бойынша, қарапайым халыққа да шектеулер енгізілмек. Енді ел азаматтарына бір айда тек 10 мың доллар сатып алуға рұқсат етілмек.

Осыдан бір ғасыр бұрын әлемдегі ең бай 10 елдің тізімінде болған Аргентина қазір экономикалық дағдарыстың зардабын шегуде. Қаржы қыспағында қалған Аргентинаның Халықаралық валюта қорына 57 млрд доллар көлемінде қарызы бар. Жергілікті билік жақын арада мемлекет борышын өтеу мерзімін Халықаралық валюта қорымен қайта қарастырмақ ниетте. Бұл туралы елдің қаржы министрі Эрнан Лакунса жариялаған болатын.

Табиғат Нұрболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу