.Аргентина иммиграциялық заңына өзгеріс енгізіп, енді қасақана қылмыс жасаған шетелдік азаматтарды мемлекет аумағынан шығарып жіберетін болды, деп хабарлайды 24Хабар.
Сонымен қатар, өз жерінде заң бұзғандар да Аргентинаға өте алмайды. Ал қылмыстыларға 8 жыл бойы елге кіруге тыйым салынады.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары бұл мемлекетте сотталған шетелдіктер көбейген. 2016 жылы түрмеге қамалған өзге елдің азаматтары 22 пайызға жетті. Билік заңды өзгертуге АҚШ президенті Дональд Трамптың иммиграцияны шектеу туралы заңы әсер етпегенін айтады. Бірақ сарапшылар Латын Америкасы елдері үшін бұған дейін иммиграция аса маңызды мәселе болмаған еді деп отыр.
"Президент Макридің жарлығымен өзгертілген көші-қон заңына сәйкес енді Аргентинада қылмыс жасаған адам еліне кері қайтарылады және өзге мемлекеттің қылмыскерлері де кіре алмайды", деді Аргентина Ұлттық миграция басқармасының директоры Грасио Хорсе Гарсиа.