Аргентина өз валютасының екі есе құнсызданғанын жария етті

389

Елдің жаңа экономика министрі Луис Капуто үкімет песоның ресми бағамын 50 пайыздан астам құнсыздандырып жатқанын мәлімдеді. 

Аргентина өз валютасының екі есе құнсызданғанын жария етті Фото: depositphotos.com

Аргентина президенті Хавьер Милейдің үкіметі песоның ауқымды құнсыздануын бастады және ауқымды экономикалық дағдарыстың алдын алуға тырысып, басқа да бірқатар шараларды қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Buenos Aires Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал елдің экономика министрі Луис Капуто арнайы баяндама жасап, песо бір доллар үшін 800-ге дейін төмендеп, бұл көрсеткіштің 54%-дан астамы девальвация екенін мәлім етті.

"Ресми айырбас бағамы бір долларға 800 песо болады және бұл сол күннің басындағы 391 песомен салыстырғандағы көрсеткішке тең", - деп түсіндірді Капуто инфляциямен күрес және шығындарды қысқарту тақырыбындағы брифингтің аясында.

Сондай-ақ, ол жанар-жағармай мен көлікке мемлекеттік субсидияларды қысқарту туралы хабарлады. Капуто барлық 10 шараны жариялады және  олардың көпшілігі мемлекеттік шығындарды азайтуға бағытталған. Олардың қатарында мемлекеттік министрліктердің санын екі есе қысқарту, хатшылықтарды қысқарту сияқты алдын ала жарияланған қадамдар бар.

Бұдан басқа, провинциялық үкіметтерге ақша аударымдары ("дискрециялық аударымдар") да жойылады және сыртқы қаржыландырусыз барлық ағымдағы қоғамдық жұмыстар жобалары дереу тоқтатылады.

"Бір жылдан аз уақытқа созылатын мемлекеттік еңбек келісімшарттары ұзартылмайды", - деді Капуто.

Ол жариялаған басқа да шығындарды азайту шараларына 2023 жылы 34 миллиард песо тұратын барлық мемлекеттік жарнамаларды бір жылға тоқтату кіреді.

"Көлік пен энергетикалық субсидиялар және Аргентина үкіметінің орасан зор шығындары да қысқартылады", - деп мәлімдеді ол қосымша ақпарат бермей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу