Оқиға саясаткердің үйінің жанында болған. Қастандық сәті түсірілген видеода белгісіз ер адам вице-президентке қару тақап, бірақ оқ атпағаны көрінеді.
Күдікті оқиға орнында ұсталған. Ол 35 жастағы бразилиялық.
Қауіпсіздік министрі Анибал Фернандес жергілікті телеарнаға берген сұхбатында қарулы адам анықталып, ұсталғанын хабарлады.
"Ол жақын маңда болған. Оны қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Олар оны шетке алып кетті, қаруды тапты, енді оны тексеру керек", – деді Анибал Фернандес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу