Оңшыл саясаткер Хавьер Майли Аргентинадағы президенттік бәсекеде қарсыластарынан үлкен айырмашылықпен озып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Infobae агенттігіне сілтеме жасап.
Майлидің басты бәсекелесі Серхио Масса көпшілік алдында жеңілгенін мойындап, жаңа мемлекет басшысын құттықтады.
"Аргентиналықтар басқа жолды таңдады, ертеңнен бастап саяси, әлеуметтік және экономикалық қызметке кепілдік беру жауапкершілігі сайланған президентке жүктеледі", деді ол.
Айта кетейік, Майли Аргентинадағы оныншы Демократиялық президент болады. Инаугурация 10 желтоқсанға жоспарланған.
Порталдың хабарлауынша, жаңа президент төтенше жағдайдағы елді қабылдайды, қорқынышты көрсеткіштер: жылдық инфляция – 142,7 пайыз, кедейлік – 40 пайыздан жоғары, жалпы ішкі өнім 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен, сондай-ақ теріс Орталық банк резервтер және сауда тапшылығы.