Аргентинада алып мұздықтың бір бөлігі құлады

263

Аргентинаның әйгілі Перито-Морено мұздығы еріп жатыр.  

Аргентинада алып мұздықтың бір бөлігі құлады Фото: pelago.com

Бұған жаһандық климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап.

Глациологтардың сөзінше, опырылып түскен мұздың биіктігі 20 қабаттық ғимараттың көлеміне тең.

ЮНЕСКО ұйымының наурызда жариялаған ақпаратына жүгінсек, әлемде мұздықтар бұрын-соңды болмаған деңгейде тез жойылып жатыр. Ал, кейінгі үш жылда олардың жоғалу қарқыны тіпті күшейген.

"Мұндай көлемдегі мұздың еріп құлау оқиғасы соңғы 20 жылда Перито-Морено мұздығында жиі болған емес", - дейді Лос-Гласиарес ұлттық саябағындағы туристік гид Пабло Кинтерос.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу