Аргентинада Гитлердің қолы қойылған құжаттар табылды

105

Құжаттар Жоғарғы Сот мұражайы үшін жертөлені жөндеу және дайындау кезінде кездейсоқ табылған.

Аргентинада Гитлердің қолы қойылған құжаттар табылды Фото: oxu.az

Аргентина Жоғарғы соты орналасқан Буэнос-Айрестегі бұрынғы әділет министрлігінің жертөлесінен Германиядағы нацистік режимнің 1930-1940 жылдардағы қызметіне қатысты жүздеген құжаттары бар жәшіктер табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәліметтерге сәйкес, қағаздар Әділет министрлігінің жертөлесіндегі 12 ағаш шампан жәшігінде сақталған. Құжаттардың ішінде төлқұжат, партия билеттері, үгіт-насихат материалдары, ақ-қара фотосуреттер, парақшалар, дәптерлер бар. Кейбір құжаттарда Адольф Гитлердің қолы да кездеседі.

Бұл олжа 1941 жылы маусымда Nan-a-Maru кемесімен Токиодағы Германия елшілігінен Аргентинаға жеткізілген 83 жәшік құжаттардың бір бөлігі болуы мүмкін екені атап өтілді. Қазіргі уақытта мұрағатты Холокост мұражайының мамандары мен тергеушілері зерттеп жатыр.

Олардың міндеті - құжаттардың тарихи маңыздылығын бағалау және оларда бүкіл әлем бойынша нацистік "ақша ізінің" бұрын белгісіз аспектілеріне жарық түсіруге көмектесетін маңызды ақпарат бар-жоғын анықтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу