Аргентинада инфляция 109 пайызға жетіп отыр

467

Қымбатшылықтан шаршаған тұрғындар қала көшелеріне шықты

Аргентинада инфляция 109 пайызға жетіп отыр Фото: euronews.com

Аргентинада ереуіл жалғасып жатыр. Ел астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам орталық көшеге шығып, қарсылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Наразы жұрт Халықаралық валюта қорымен келісім жасауға қарсылықтарын білдіріп отыр.  Халық елдегі жұмыссыздық пен жалақының төмен болуына осы қаржы ұйымын айыптайды. Себебі, үкіметтің берешегі күн санап көбейіп, тұрғындардың айлығы түкке жетпей барады.

Алайда, жергілікті билік тағы сомасы 44  млрд долларлық несие келісімін жасамақ.

Айта кету керек, Аргентинада инфляция 109 пайызға жетіп отыр. Елде тұтынушылық баға бірден 3 есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу