Аргентинада Мессиге арнап банкнот шығарылуы мүмкін

715

Аргентинаның Орталық банкі Қатарда өткен әлем чемпионатындағы жеңісінің құрметіне ұлттық құраманың көшбасшысы Лионель Мессидің суреті бейнеленген естелік банкнот шығаруы мүмкін.  

Аргентинада Мессиге арнап банкнот шығарылуы мүмкін Фото: gettyimages.com

Мессидің бейнесі 1000 песолық купюраға (шамамен 2700 теңге) салынуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz El Financiero-ға сілтеме жасап.

Аргентинаның орталық банкі бұл купюраны бекер таңдаған жоқ. Банкноттың номиналы 10 санынан басталады, бұл Мессидің ұлттық құрамадағы нөміріне сәйкес келеді. Қағаз ақшаның екінші бетінде Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалонидің лақап аты – La Scaloneta жазуы болады.

Аргентина футболдан әлем чемпионатының финалында Франция құрамасын жеңді. Негізгі екі тайм 2:2 есебімен аяқталса, пенальтилер сериясында аргентиналықтардың бағы жанып, есеп 4:2 болды.

Аргентина құрамасы үшін әлем чемпионатындағы бұл жеңіс – ел тарихындағы үшінші жеңіс. Бұған дейін аргентиналықтар 1978 және 1986 жылдары жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу