Аргентинада оппозиция билікке келді

1133

Бюллетеньдердің 90% есептелінгеннен кейін, елдің қазіргі президенті Маурисио Макридің қарсыласы дауыстың 47% жинағаны жарияланды. 

Аргентинада оппозиция билікке келді

Осылайша оппозициялық үміткер Альберто Фернандес жеңіске жетті. Маурисио Макри саяси додада басым түскен Фернандесті құттықтап,оны Каса Росада бірге таңғы ас ішуге шақырды. Бұл жерде олар өтпелі кезеңнің бірқатар мәселелерін талқыламақ.  

Альберто Фернандес болса, елдегі экономикалық дағдарысты еңсеру үшін Макримен бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді. 

Ресми ақпарат бойынша, саяси тартыста Фернандес дауыстың 47%-ын , ал Макри 40%-ын жинаған. Айта кететін жайт, елдегі сайлау экономикалық дағдарыс, жоғары инфляция, жергілікті валютаның девальвациясы мен жұмыссыздықтың белең алуы жағдайында өткізіліп отыр.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу