Құтқарушылар 28 жастағы аргентиналық шабуылшы Эмилиано Сала отырған ұшақты іздестіру жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.
Осыдан 4 күн бұрын Нант қаласынан Кардиффке бағыт алған жалғыз моторлы ұшақ Ла-Манш бұғазында радардан көрінбей кетіп, қайта байланысқа шықпаған болатын. Құтқарушылардың пікірінше, ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза тапты.
Іздестіру жұмыстары барысында шамамен 1 мың 700 шаршы миль тексерілді.
Бұған дейін Британия мен Франция шекара күзеті Гернси аралын тінтіп шықты. Оған 3 ұшақ пен 5 тікұшақ, сонымен қатар 2 құтқару қайығы мен басқа да кемелер жұмылдырылған.