Аргентиналық жанкүйер сүйікті командасы жеңілген соң өзіне қол жұмсады

311

Жас жігіт тәртіп сақшысы болып жұмыс істеген.

Аргентиналық жанкүйер сүйікті командасы жеңілген соң өзіне қол жұмсады Фото: globallookpress.com

Аргентиналық "Бока Хуниорс" футбол клубының 23 жастағы жанкүйері Марсело Моралес Либертадорес кубогының финалында сүйікті командасы жеңілгеннен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты  Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, жас жігіт тәртіп сақшысы болып жұмыс істеген және команданың жанкүйері болған. Моралестің анасы оның сүйікті клубы жеңілсе, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқанын, бірақ оның сөздеріне мән бермегенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу