Аргентинаның экс-президенті 6 жылға бас бостандығынан айырылды

538

Кристина Фернандес де Киршнер барлық айыптауларды жоққа шығарып, үкімге шағымданбақ.  

Аргентинаның экс-президенті 6 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: REUTERS

Аргентинаның бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнер президент болған кезінде құрылысқа қатысты жасалған келісімшарттардан 1 миллиард АҚШ доллары жымқырылғаны анықталды.

Сот алқасы оны 6 жылға бас бостандығынан айыруға және өмір бойы мемлекеттік қызметке тыйым салуға үкім шығарды.

Популистік көшбасшы үкімге шағымдануға ниетті.

Ол сот алқасын алдын-ала сөз байласқан деп, өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарды. Оның жақтастары елде ұлттық ереуіл ұйымдастыратынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу