Аргентинаның жаңа президенті мемлекеттік БАҚ-ты сатпақшы

395

Бұл мұнай-газ компаниясы мен ірі тасымалдаушыға да септігін тигізуі мүмкін. 

Аргентинаның жаңа президенті мемлекеттік БАҚ-ты сатпақшы Фото: aljazeera.com

Бір күн бұрын сайлауда жеңіске жеткен Аргентинаның жаңа президенті Хавьер Милей мемлекеттік Telam ақпарат агенттігін, TV Pública телеарнасын және Radio Nacional радиостанциясын жеке тұлғаларға сатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Аргентинаның Pagina/12 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен үгіт-насихат министрлігінің тәжірибесін ұстанбаймын. Алайда, біз TV Pública үгіт-насихат механизміне айналды деп есептейміз", - деді Аргентина президенті.

Сондай-ақ, ол телеарнаның "Бостандық келеді" альянсы туралы негізінен теріс мағынада айтқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Милей “YPF” мұнай-газ компаниясы мен “Aerolineas Argentinas” ірі әуе тасымалдаушысын жеке тұлғаларға сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Милей (“Шағын Трамп” деген лақап атқа ие болған оңшыл саясаткер) 19 қарашада өткен президенттік сайлаудың соңғы турында жеңіске жетті. Оның қарсыласы басқарушы коалицияның кандидаты және қазіргі экономика министрі Серхио Масса болды.

Бұған дейін, Милей Орталық банкті таратып, "Долларға көшеміз", "Қытай мен Бразилиядағы коммунистермен байланысын үземін" және "Аргентинаның БРИКС-ке кіру туралы өтінішін қайтарып аламын" деп қорқытқан.

Ол өзін "Еркіндіктің, бейбітшілік пен демократияның қорғаушысы" деп атады. Сайлауда жеңіске жеткеннен кейін саясаткер жыл басынан бері инфляция 140% - дан асқан елдің құлдырауын тоқтатуға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу