Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

853

Бұған дейінгі деректерде көне қаланың ІХ-ХІ ғасырларда бой көтергені айтылса, жаңа зерттеулер шаһардың іргетасы VІІ ғасырда қаланғанын көрсетті.

Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

Қызылорда облысындағы ортағасырлық Жанкент қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары биыл да жалғасты. Зерттеушілер жаратылыстану ғылымдары әдістерін қолданып, Жанкенттің абсалюттік жасын анықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Қызылорда университетінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Ескерткіш бүгінде төрт жерден қазылып, археологтар заманауи инновациялық құрал-жабдықтардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табылған жәдігерлер археологиялық зерттеулер зертханасында өңделіп, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына беріледі.

Айта кетейік, жобаның ғылыми жетекшілері археология ғылымдарының докторы, профессор Генрих Харке, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тажекеев және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Аржанцева. Зерттеу жұмыстарына Тюбинген университетінің, Ресейдің Жоғары Экономика мектебінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  студенттері мен 35 ғалым қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу