Архимед Мұхамбетов: Көлік инфрақұрылымын дамытуға 36,7 миллиард теңге бағытталды

1908

"Бұл 18,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға, 26,4 шақырымын күрделі жөндеуге, 441 шақырымын орташа жөндеумен қамтуға мүмкіндік берді". 

Архимед Мұхамбетов: Көлік инфрақұрылымын дамытуға 36,7 миллиард теңге бағытталды

Қостанай облысында көлік инфрақұрылымын дамытуға 36 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

 "Биылғы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 27,6% өсімімен 36,7 млрд теңге бағытталды - деп атап өтті Архимед Бегежанұлы – Бұл 18,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға, 26,4 шақырымын күрделі жөндеуге, 441 шақырымын орташа жөндеумен қамтуға мүмкіндік берді", - дейді ол.

Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларының жолдары мен көшелері қамтылды. Жолдарда жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын жаңа технологиялар арасында, өңірде өзін жақсы жағынан көрсеткен салқын ресайклинг әдісі қолданылады.

Мұның сыртында, Қостанай қаласы "Әуежайының" ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылып жатыр, оның жалпы құны 8,0 млрд. теңге. Бұл ұшу бағыттары мен рейстер санын, жолаушылар ағынын, кіру және шығу туризмін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін аула аумақтарын абаттандыруға ерекше назар аударылғандығы туралы хабардар етті.

Биылғы жылы ойын нысандарын, гимнастикалық кешендерін және көше тренажерлерін орната отырып 35 балалар алаңы жайғастырылды, 600,0 млн теңге тұратын 21 шағын футбол алаңы және 15 хоккей корты орнатылды. 2019 жылы аула алаңдарын жайғастыруға 1,6 млрд теңге бағытталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу