Архимед Мұхамбетов: Жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз

1096

Биыл өңірде "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алады. 

Архимед Мұхамбетов: Жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз

Қостанай облысына басқа өңірлерден келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, көтермеақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылы облысқа 265 дәрігер келген. Оның ішінде ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123 млн теңге көтерме ақы төленді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

"Былтыр облыс әкімдігі "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымымен 350 медицина қызметкері үшін тұрғын үй сатып алу туралы келісім жасады. Нәтижесінде облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері басқа жақтан келген 146 маманды үймен қамтамасыз етті. Осы жылы "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша 8,8 млн теңгеге 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алады. Сол себепті жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз", – деді облыс әкімі.

Жалпы 2020 жылы денсаулық сақтау саласына 3,7 млрд теңге қосымша бағытталды. Оның ішінде емханаларға 80 санитарлық автокөлік сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу