Архив құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру бойынша оқыту курсы басталды

202

Төрт күнге созылатын біліктілікті арттыру дәрісіне Астана қаласындағы 60-қа жуық архив қызметкері қатысып, тәжірибе алмасуда.  

Архив құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру бойынша оқыту курсы басталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен архив қызметкерлеріне арналған оқыту курсы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Курс аясында архив ісін цифрландыру және құжаттарды қалпына келтіру, материалдар мен құжаттарды жіктеу бойынша теориялық және практикалық білім беріледі.

Оқыту курсы ҚР Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының базасында өтеді. Аталмыш курста Түркия Республикасынан келген Коч Фикрет, Балабан Алкан және Дедеоғлу Хакан сынды білікті мамандар дәріс оқиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу