"Әрине, жоқ": Ермек Көшербаев Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылмайтынын айтты

680

Үкіметтің осы мәселеге қатысты ұстанымы белгілі болды. 

"Әрине, жоқ": Ермек Көшербаев Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылмайтынын айтты Фото: коллаж Inbusiness.kz

Алматы қаласында ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер вице-премьерден "Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Әрине, жоқ",  деді ол.

Тілшілер себебін нақтылады.

"Мен жоқ деп айттым ғой", – деді Ермек Көшербаев.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын. Бұдан бөлек әлеуметтік желілерде саясаткер Владимир Жириновкийдің туғанына 80 жыл толуына орай Саранск және Алматы қалаларында ескерткіш орнату жоспарланғаны туралы ақпарат тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу