Әріптер де сатыла бастады

1586

Әріптер де сатыла бастады

 

Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмерінің тек әдемі сандарын ғана емес, енді әріптерін де қалауыңызша таңдап сатып алуға болады. Ол үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында  өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс. Мысалы, сатып алушылар 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге шамамен 140 мың теңге төлейді. Ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны – 275 мың  теңге болады. Айта кетейін, өткен жылы 4500 әдемі нөмір сатылып, қазынаға 1 жарым млрд теңге пайда түскен.

Еркебұлан Амантаев, Астана қаласы Мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысының орынбасары

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу