Әріптесінің атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген әйел ұсталды

653

Күдікті жәбірленушінің телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, банк қосымшасына кіріп, несие рәсімдеген.

Әріптесінің атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген әйел ұсталды

Түркістан облысында әріптесінің атынан млн теңге несие рәсімдеп алған әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

Жәбірленуші өзінің атынан несие рәсімделгенін банктен хабар келгенде ғана білген.

"Аталған жайтты созақтық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Созақ АПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Алаяқтық жасаған жас әйел жергілікті тұрғын және жәбірленушінің жұмыстағы әріптесі болып шықты", – деп жазылған ақпарат көзінде.

Күдікті жәбірленушінің телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, банк қосымшасына кіріп, несие рәсімдегені белгілі болған. Содан алаяқ тұрғынның есепшотына түскен ақшаны өзіне аударып, қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жіберген.

"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда", – дейді полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу