banner

Аризонадан диплом алу үшін Петропавлда оқу керек

1452

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне өздері білім алып жатқан жоғары оқу орнымен қатар Аризона университетінің дипломын алу құқы берілді.  

Аризонадан диплом алу үшін Петропавлда оқу керек

Қазақстанда оқып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орнын тәмамдау стратегиялық әріптестік шеңберінде мүмкін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, келісім аясында Солтүстік Қазақстан университеті 2 ғасырдан астам тарихы бар Аризона университетінің оқу тәжірибесін қолданады. Америкалық оқытушылар қазақстандық студенттердің зерттеу дағдысын дамытады. Біздің студеттер мен оқытушыларға Аризона университетінің цифрлық кітапханасы мен білім беру ресурсы қолжетімді болады. АҚШ-тың жоғары оқу орнынан Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерін оқыту үшін оқытушылар келеді. Дәріс ағылшын тілінде оқылады. Осыған орай Солтүстік Қазақстан университетінде дайындық бөлімі – foundation ашылады. 

Ерекше атап көрсетерлігі, түлектер бірден 2 университеттің дипломын алады.

"Жобада академиялық технологиялар трансфері қарастырылған. Аризона университетінің оқытушылары америкалық академиялық стандарт бойынша Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттерінің әлеуетін арттырады. Қазақстандық және американдық ғалымдардан бірлескен ғылыми топ құрылады. Олар солтүстік өңір үшін дәстүрлі агротехнология және инженерлік технология бағыттары бойынша жұмыс істейді. Аризона университетінің 2 ғасырдан астам тарихы бар. Қазір Times рейтингінде жетекші орында тұр. Университет медицина, физика және астрономия саласындағы жетістіктерімен танымал. Қазіргі уақытта Аризона студенттері марстағы жанартаулар мен айдағы таулардың суреттерін жеткізетін телескоп жасаумен айналысып жатыр. Олар NASA-мен тығыз жұмыс істейді", – деді Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректор Ерлан Шуланов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу