Арқалықта апатқа ұшыраған АН-2 ұшағы науқас адамды тасымалдаған

201

Бортта ұшқыштар, санитарлық авиация бригадасы және пациент болған.  

Арқалықта апатқа ұшыраған АН-2 ұшағы науқас адамды тасымалдаған Фото: freepik

Қостанай облысының жедел жәрдем көлігінің баспасөз қызметі бір күн бұрын аударылып қалған санитарлық авиация бортындағы жолаушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, адам өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ішінде болған науқастың жағдайы тұрақты.

"Төтенше жағдай орын алған жерге 3 жедел жәрдем бригадасы шықты. Өрт сөндірушілерге ұшақтағы барлық адамдарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Абырой болғанда, борттағылардың барлығы аман. Экипаж, пациент және санитарлық авиация бригадасы тексеру үшін Арқалық облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Санитарлық авиация тобы мүшелерінің ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Облыс орталығына жеткізіліп, қазір Арқалық дәрігерлерінің бақылауында жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, науқас бүгін ауруханаға көлікпен тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу