Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елдімекенінде қасқыр адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Тұрғындардың айтуларына қарағанда, елдімекенге тапа-тал түсте кірген қасқыр көшеде келе жатқан мұғалім келіншек пен 5-сыныпта оқитын қыз баланы тістеп алған. Айқай-шуды естігендер көмекке ұмтылып, жиналған бір топ жігіт жабылып жүріп қасқырды соғып алыпты.
Ұйытқыған бораннан жол көрінбей, Арқалықтан шақыртылған жедел жәрдем көлігі Ашутасты елдімекеніне бірнеше сағаттан кейін әрең жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу