Арқалықта құжат жүзінде пайдалануға берілген ЖЭО-ның шын мәнінде құрылысы аяқталмаған

Елімізде инвестициялық жобалар сапасыз әзірленуде.  

Арқалықта құжат жүзінде пайдалануға берілген ЖЭО-ның шын мәнінде құрылысы аяқталмаған Фото: smi24.kz

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Жоғарғы есеп палатасының басшысы Наталья Годунова айтты.

Оның сөзінше, қаржылық қамтамасыз етудің өзінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда тежеуші факторлар көбінесе сапасыз жобалау және мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы болып табылады.

"Қостанай облысының Арқалық қаласында тапсырыс беруші Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі толық дайын болмаса да, жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын екі жобаны - "Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау" және "Қуаты 2,5 МВт №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде Арқалық ЖЭО-ны реконструкциялау" қабылдаған.

Нәтижесінде Арқалық ЖЭО тек қағаз жүзінде пайдалануға берілді", – деді палата басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу