Арқалықта мектеп шатыры отқа оранды

380

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Арқалықта мектеп шатыры отқа оранды Фото: бейнежазбадан

Қостанай облысының Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін үш минут ішінде оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жеткен.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 1100 шаршы метр.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімшелері мен ТЖМ жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы да жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу