Арқалықта шенеунік жалған жұмысшылардың атынан жалақы алып келген

760

Нәтижесінде, мемлекетке 1,4 миллион теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Арқалықта шенеунік жалған жұмысшылардың атынан жалақы алып келген Фото: inbusiness.kz

Әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Омарова үш адамды қоғамдық жұмысқа орналастырған болып, жалақысын өзі алып отырған. "Жұмысшылар" күйеуіне тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген.

"Прокуратура істі сотқа жібере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі (Қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Сот оны кінәлі деп тауып, мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқаруына тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу