Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Арқалық қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба – әуежай құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні терминал ғимараты салынуда, инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Жобаны 2026 жылғы шілдеде айында аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында "Орталық – Батыс" бағыты бойынша өтетін маңызы жоғары көлік дәлізінің құрылысына ресми старт берілді. Жаңа бағыт жолды 549 шақырым қысқартады", – деді аймақ басшысы.