Арқалықтан Астана, Алматы және Қостанайға рейстер ашылады

456

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.  

Арқалықтан Астана, Алматы және Қостанайға рейстер ашылады Фото: gov.kz

Арқалық әуежайынан үш бағыт бойынша әуе рейстері ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоспар бойынша Арқалықтан Астанаға, Алматыға және Қостанайға тұрақты рейстер ашылады. Әуежайды Q400, ATR72 және CRJ200 үлгісіндегі өңірлік әуе кемелері пайдаланбақ. Олар қысқа және орта қашықтықтағы бағыттарға арналған.

Алдағы әуежайдың аумағы шамамен 3,2 мың шаршы метрді құрайды. Жолаушылар ағыны сағатына 70 адамға есептелген.

Бұған дейін Арқалықтағы әуежайды қайта қалпына келтіру жоспарланған. Әуе айлағын жаңғырту құны 8,4 млрд теңгеге бағаланған.

Кейінірек әуежай құрылысын жүргізетін мердігер компания анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу