Арктикада 56-45 млн жыл бұрын тропикалық климат болған

224

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Геология факультеті қызметкерлерінің айтуынша, ыстық ауа райы Солтүстік Мұзды мұхиттағы маржан рифтеріне ұқсас карбонатты құрылымдардың пайда болуымен қатар жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KAZINFORM басылымына сілтеме жасап.

Арктикада 56-45 млн жыл бұрын тропикалық климат болған Фото: canva.com

– Ғалымдар Арктикада эоценде (56-45 миллион жыл бұрын) күрт салқындаған тропикалық климат болған деген қорытындыға келді. Бұл жұмыс бүкіл Жер климатының тарихын түсіну үшін маңызды, – делінген хабарламада.

Жұмыс авторлары Солтүстік полюс маңында эоцен дәуіріне жататын маржан рифтеріне ұқсас әртүрлі пішіндегі карбонатты құрылымдарды ашты. Бүгінде мұндай құрылымдар экваторлық және тропиктік аймақтарда кездеседі.

– Зерттеу нәтижелері бойынша соңғы 56 миллион жылдағы Арктикада кенеттен болған климаттық өзгерістерді зерттеу үшін арнайы жаңа халықаралық ғылыми жоба құру ұсынылып отыр, – деп атап өтті Мәскеу мемлекеттік университеті геология факультетінің профессоры Анатолий Никишин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу