Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

234

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) "қаржы" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған. 

Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.

2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.

2023 жылдан қазірге дейін – "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу