Санкт-Петерборда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 87 турнирінде қазақстандық Арман Әшімов фин Микаэль Силандерді нокаутқа жіберді, деп хабарлады sputniknews.kz.
Әшімов — Силандер жекпе-жегі екінші раундта тоқтатылды. Бұл жеңіс қазақстандыққа аса жеңіл салмақта M-1 Challenge "уақытша" чемпионы атағын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Арман кездесуден кейін берген сұхбатында бұл салмақтың толыққанды чемпионы ураиналық Александр Доскальчукпен (8-1) жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.
"Мені күтсін", — деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу