Rizin лигасының мәлімдеуінше, Қазақстандық файтер Арман Әшімов (12-3-1) келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізетін болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін Әшімов келесі жекпе-жегін 23 наурызда Жапонияда өтетін Rizin Landmark 9 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Юсаку Накамура (14-6-1) болады.
Айта кетейік, Арман 2022 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу