Арман Әшімовтің жекпе-жек кезінде қолы сынып кетті

891

Арман Әшімовтің жекпе-жек кезінде қолы сынып кетті

Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов талассыз атақ жекпе-жегінде қарсыласы украиндық Александр Доскальчукке жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аралас жекпе-жектен M 1 Challenge 92 халықаралық турнирі Санкт-Петербургте өтті. Аталған турнирдің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Арман Әшімов пен украиндық Александр Доскальчук арасында өтті. Бес раундқа есептелген айқан екінші кезеңде аяқталды. Қазақстандық спортшының қолының сынып кетуіне байланысты жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Еске сала кетейік, жекпе-жек шебері Арман Әшімов ақпан айында Санкт-Петербургте M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетіп, уақытша чемпион атанған болатын. Ал, украиндық боксшы Александр Доскальчук ​​былтыр төрт турнирде жеңімпаз атанды және жеңіл салмақ категориясында M1 Challenge-дің алғашқы ресми чемпионы атанды. Содан кейін, ол жарақаттар салдарынан ұзақ уақытқа дейін жекпе-жекке шықпаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу