Арман Дәулетияров Қазақстандағы сайлауға ТМД атынан байқаушы ретінде келді

1296

Қандасымыз байқаушы ретінде сайлаудың жоғары деңгейде өткенін айтады.

Арман Дәулетияров Қазақстандағы сайлауға ТМД атынан байқаушы ретінде келді

Ресейлік "Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров ТМД атынан ҚР Президентінің сайлауына байқаушы ретінде қатысуда.

"Қазақстан Президентінің сайлауы Халықаралық құқық стандарттарына сәйкес өтіп жатыр. Өз басым ешқандай құқық бұзушылық байқаған жоқпын. Адамдар белсенді дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскелерінде бәрі ұйымдастырылған. Бүгін 10-ға жуық учаскеге бардым. Халық өте көп. Кейбір учаскелерде тіпті кезек қалыптасқан" – дейді ол.

Белгілі шоумен халықтың өзіне деген назары ерекше болғанын да айтады.

"Сайлауға келген жастар мені көріп таңданысып жатты. Кеше ғана "Муз ТВ" премиясында жүрген мені бүгін осы арадан көреміз деп ойламаса керек.  Көбі суретке түсейік деп өтініш жасап жатты. Мен үшін байқаушы ретінде, қазақ ретінде тарихи отанымдағы сайлауға атсалысуым өте маңызды", ­– деді Арман Дәулетияров.

Ботақара Есжан 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу