Арман Давлетьяровтың анасы қайтыс болды

1100

"Анасыз қалай өмір сүретінімді елестете де алмаймын"

Арман Давлетьяровтың анасы қайтыс болды

Танымал ресейлік медиаменеджер Арман Давлетьяровтың анасы қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Кеше кенеттен Анам дүниеден өтті. Ол ауырмады, шағымы да болған жоқ. Бір күн бұрын Құрбан айт тойлап, қонаққа барған. Қайтыс боларынан бір сағат бұрын анаммен телефон арқылы сөйлестік. Ал қазір ол жоқ... Бірнеше минут ішінде қайтыс болды. Жетімсіреп қалдым. Бүкіл әлемді қараңғылық басқандай. Көз жасым тоқтар емес. Анасыз қалай өмір сүретінімді елестете де алмаймын. Анашыма дұға етіңізші", – деп жазды Instagram парақшасында Давлетьяров.

Анасының көзі тірісінде онымен әңгімелерін, бірге түскен суреттерін парақшасына үзбей салып отыратын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу