Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Арман Оспанов (8-1) 23 желтоқсан күні Мәскеу қаласында Absolute Championsip Berkut 77 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды vesti.kz.
28 жастағы отандасымыздың келесі қарсыласы 25 жастағы ресейлік Алексей Полпудников (24-4-1) болады.
Еске салайық, Оспанов өзінің соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Алматы қаласында өткізіп, бразилиялық Тьяго Луису Бонифасио Силвадан (13-5) жеңіліп қалған еді. Бұл "Сұңқардың" карьерасындағы бірінші жеңілісі еді.
Айта кетейік, 2013 жылы Оспанов пен Полпудников кездескен болатын. Ол жекпе-жекте қазақстандық спортшы 58 секундтың ішінде жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу