Қазақстандық жекпе-жек өкілі Арман "Сұңқар" Оспанов отандық фильмге түсті. Ережесіз жекпе-жек спортында ел намысын қорғап, абыройын асқақтап жүрген Арман Оспанотың қатысумен отандық фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Qsport.kz.
"Блиц 13 регион" деп аталатын кинода отандасымыз өзінің рөлін сомдайды. Фильмнің түсірілу процесі әлі жалғасып жатыр. Алайда Оспановтың қатысуымен болатын оқиғалардың барлығы түсіріліп қойған. Киноның қашан жарыққа шығатыны әлі белгісіз.
Айта кетейік, Қазір Арман аздаған үзіліс алып, отбасымен бірге уақыт өткізіп жатыр. Одан кейін физикалық дайындығы мен техника мен тактикаға жұмыс істеп, желтоқсан айының аяғына таман сегізбұрышқа оралатын болады, деп хабарлайды 24.kz.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу