Арман Өтеғұлов қызметінен босатылды

695

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  

Арман Өтеғұлов қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Өтеғұлов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарында аға, бас мал дәрігері, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында "Талдыапан" өндірістік кооперативінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

Еске сала кетсек, Арман Өтеғұлов БҚО-ның Теректі ауданына әкім болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу