Арман Рысбек кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді

584

Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз беларусьтік Михаил Долголевтпен кездесті.  

Арман Рысбек кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді

Қазан қаласында (Ресей) All Champions Kazan 2020 кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында шаршы алаңға шыққан қазақстандық бокс Арман Рысбек (7-1, 6 КО) кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз беларусьтік Михаил Долголевтпен кездесті. Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ төртінші раундтан кейін Рысбек жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBF Europe титулы сарапқа салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу