Арман Шаққалиев Астана әуежайында Куба Вице-президентін қарсы алды

379

Мейман 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысатын Куба елінің делегациясын бастап келді.  

Арман Шаққалиев Астана әуежайында Куба Вице-президентін қарсы алды Фото: gov.kz

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Куба вице-президенті Сальвадор Вальдес Месаны Астана халықаралық әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Сізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ыстық ықыласпен қарсы алуға қуаныштымын. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Форум дәстүрлі түрде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мен күшейтуге бағытталған. Сонымен қоса негізгі басымдық жасанды интеллектке беріліп отыр”, – деді Арман Шаққалиев.

 Өз сөзінде Куба Вице-президенті маңызды шараға шақыртуды қуана қабыл алғанын жеткізді. ЕАЭО 2020 жылы Кубаға бақылаушы ел статусын берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу