Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

376

Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында туған.

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ашық акционерлік қоғамында заң кеңесшісі болып бастаған.

2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2004-2006 жылдары "Қазақстан метрология институты" РМК директоры болып еңбек еткен.

2006-2007 жылдары - Мемлекеттік кірістер министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

2008-2016 жылдар аралығында "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.

2016-2018 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болған.

2022 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу