Арман Шораев қамауға алынды

1243

Оған қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен ТЖ кезінде жалған ақпарат таратты деген баппен қылмыстық іс қозғалған.

Арман Шораев қамауға алынды

"Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен ТЖ кезінде жалған ақпарат таратты деген баппен қылмыстық іс қозғалған.

Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан.

Полицияның хабарлауынша, ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген.

Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу